Гульмира Базильбековна
Астана, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
Тарих пәні мұғалімі

Менің миссиям — білім арқылы сананы ояту, тәрбие арқылы адамдықты қалыптастыру, әр оқушының бойындағы адалдық пен жауапкершілікті дамыту. Өйткені мен үшін ұстаздың ең үлкен жетістігі — білімді ғана емес, білімі мен қабілетін ел игілігіне жұмсайтын адал азамат тәрбиелеу.











