«Bilim бейнесі» — Bilim Group ұлттық цифрлық білім беру экожүйесінің арнайы жобасы. Осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын компанияның жұмысы мұғалімге, мектепке және мемлекетке нақты пайда әкелетін EdTech-өнімдерді жасау идеясынан басталған еді.
Bilim Group-тің барлық шешімі бір басты мақсатқа бағытталған: заманауи білім беру технологияларын Қазақстанның әрбір педагогі мен оқушысына қолжетімді ету. Компания өнімдерінің арқасында балалардың оқуға деген ынтасы артып, мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді, ал мектептерге оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау оңайға түседі.
Бүгінде Bilim Group өзінің бірыңғай экожүйесінде технологияларды, сапалы білім беру контентін, сервистік қолдауды және сараптамалық тәжірибені біріктірген. Компания өнімдері адамды оқудың барлық кезеңінде — балабақша мен мектептен бастап кәсіби дамуға дейін сүйемелдейді. Олардың қатарында BilimClass электрондық журналы, OnlineMektep қашықтан оқыту платформасы, KITAP цифрлық кітапханасы, BilimUstaz педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, BilimKids мектепке дейінгі ұйымдарға арналған платформасы және басқа да жобалар бар.
15 жыл ішінде Bilim Group шешімдері бүкіл ел бойынша қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді: бүгінде өнімдерді 5 миллионнан астам адам, 350 мыңнан астам педагог және 6 мыңнан астам мектеп қолданады.